Инфрақұрылым

Өскемен жылу орталығында жаңа қазандық салынады

Өскемен жылу электр орталығында жаңа жоғары қысымды қазандық салынады. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметовтің аталған кәсіпорын өкілдерімен кездесуінде айтылды.

Бүгінгі таңда бұл орталық жергілікті ірі өнеркәсіп орындары мен тұрғын үй-коммуналдық сектордың 80 пайызы үшін электр және жылу энергиясын өндіріп отыр.

Алдағы уақытта «Өскемен жылу электр орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоғары қысымды қазандық салу бойынша, сондай-ақ екі қазандықты күрделі жөндеу, қалғандарын ағымдағы жөндеу бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ. Осы мақсаттарға 8 миллиард теңге қарастырылған. Бұл жөндеу жұмыстары келесі жылыту маусымына толық дайындалуға мүмкіндік береді.

– Жуырда кәсіпорында ауқымды тексеру болды, елеулі бұзушылықтар анықталған жоқ. Станцияны дамытудың кешенді жоспары бар, енді ЖЭО басшылығы сол жоспарды «Инвестиция орнына тариф» жаңа үкіметтік бағдарламасына сәйкестендіруі керек, – дейді облыс әкімі.

Сондай-ақ орталықтың қуатын да арттыру қажет, өйткені қала қарқынды дамып келеді, жаңадан тұрғын аудандар салынып, кәсіпорындар ашылуда.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button