Брифинг

Өскемен әкімі жол жұмыстары туралы айтты

Өскемен әкімі Жақсылық Омар өңірлік коммуникациядар қызметінің алаңында болған баспасөз мәслихатында жол жұмыстары туралы айтты.

Мердігерлерді анықтауға ерте көктемде кіріскен қала әкімдігі жол жұмыстарының бірінші кезеңі аяқтап үлгерді, деп хабарлайды  Didar ақпарат.

Қазір тек Қалихан Ысқақ көшесі ғана жөнделіп. Бұл жұмыс та айдың соңында аяқталады. Шаһар басшылығы жол жұмысының екінші кезеңін бастап кетуге дайындалып жатыр.

– Қазірдің өзінде бір учаске белгілі. Нұрмағамбетов көшесінің Үлбі көпірінен Чехов көшесіне дейінгі учаскесі жөнделеді, – деді қала әкімі.

Облыс орталығында жаңа магистральдар да салынып жатыр. Біріншісі – Есенберлин даңғылының Жібек Жолы қиылысына дейінгі жалғасы. Мұндағы жұмыс аяқталуға жақын. Жол қиылыспен қосылғаннан кейін көлік қозғалысы жанданады.

– Екінші жоба – жағалау құрылысы. Бұл жерде жол ғана салынбайды. Ірі демалыс орнының құрылысы жүріп жатыр, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ биыл жалпы ұзындығы 17 шақырымнан асатын 18 учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілдеді. Мұның ішінде негізгі қалалық магистральдің бірі Абай даңғылы да бар.

 Оразай Жеңісұлы

Осы айдарда

Back to top button