БрифингЖаңалықтар

ШҚО-да қызылшаның 8 жағдайы тіркелді

Инфекцияның таралу себебі – қызылшаға қарсы иммунизацияның болмауы.

ШҚО бойынша қызылшаға шалдыққан деген 14 жағдай тіркелді, 8 пациентте диагноз расталды, 4 науқаста расталмады, 2 науқасқа диагноз  қойылған жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сләмғазина мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат. 

“Қызылшаның аймаққа алғашқы жағдайы Түркиядан әкелінді, 7 жағдай осы жерде орын алды. Қызылша диагнозы қойылған науқастардың 88% – ы егілмеген. Сегіз науқастың екеуі – ересек адам, қалған алтауы  -14 жасқа дейінгі балалар. Инфекцияның таралу себебі, ең алдымен, қызылшаға қарсы иммунизацияның болмауы, вакцинацияланбаған”, – деді Сәуле Сләмғазина.

Сондай-ақ ол елде қызылшаға қарсы балалар 1 жасында ККП вакцинасымен егіліп, 6 жасында сол вакцинамен қайта вакцинацияланатынын айтты.

“Жоспарлы екпелерден басқа, 2023 жылы елде 1 жастан 17 жасқа дейінгі адамдарға қызылшаға қарсы иммундау науқаны басталды.  ШҚО бойынша вакцинацияланбаған 1664 адам анықталды, бүгінгі күні олардың барлығы вакцинацияланды”, – деп атап өтті спикер.

Осы айдарда

Back to top button