Төтенше жағдай
Өрт салдары жойылды
Риддер жылу электр орталығындағы өрт салдарын жою жұмыстары 25 қаңтарда мәресіне жетті.
– Өртенген отын беру трактісін қалыпқа келтіру жұмыстары толығымен аяқталды. Тасымалдауыш таспа орнатылып, көмір қазандықтарға жеткізіліп жатыр, – деп мәлімдеді қала әкімі Дмитрий Горьковой.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта орталықта қосымша төрт қазандық жұмыс істеп тұр. Жылу температурасы қалыпты.
Еске салсақ, 19 қаңтарда Риддердегі жылу электр орталығынан өрт шыққан болатын. Қызыл жалын бірнеше сағаттың ішінде ауыздықталған.
Ержан Кеңесұлы