Экология

Орманды отаудан келетін шығын көп

Облыс аумағында орманды алқаптарды отаудың салдарынан миллиондаған шығын келтірілуде, ал өкілетті органдар болса мұның алдын ала алмай отыр. Бұл туралы облыстық прокуратурада айтылды.

Орманды отаудан келетін шығын көпҚылқан жапырақты ағаштарды кесуге тыйым салынған 2005-2008 жылдары Риддер орман шаруашылығында ғана санитарлық мақсатпен деген себеппен 141 мың текше метр ағаш дайындап, мемлекетке 884 миллион теңге шығын әкелген.

Зырян ауданындағы орман шаруашылығына басқа заңбұзушылықтарды былай қойғанда, пара алғаны үшін сотталып келген адам жұмысқа алыныпты. Және ол адам параны орманды заңсыз отауға байланысты жымқырған екен. Ең қауіптісі аталған учаскеде келеңсіз жағдайлар қайта төбе көрсетіп отыр бүгінде.

Бұдан былай өз міндеттерін атқара алмай жатқан жерлерде құқық қорғау органдары өкілдерінен құралған мобильді топтар әрекет етіп, заңсыздықтарға тосқауыл қойылмақ.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button