Онколог мамандар келіп, тексеріп қайтты
Жақында Бесқарағай аудандық орталық емханасына Семей өңірлік онкологиялық орталығынан алты онколог-дәрігер келіп, өз тәжірибелері-мен бөлісті.
Олар сапар барысында ауданның 98 тұрғынын қабылдап, тексерді және аудандық медицина бірлестігінің қыз-меткерлерімен «Онкологиялық пато-логиядағы науқастардың диагностикасы, ауруды ерте кезеңде анықтау скринингін ұйымдастыру және өткізу» атты тақырыпта мастер-класс өткізді. Ал аудан тұрғындарына әдістемелік көмек көрсету, арнайы медицинаны ауыл халқына жақындату мақсатында өткізілген семинарда онкологиялық орталық директорының орынбасары Н.Жұмықбаева бастаған білікті мамандар аурудың алдын алудың тиімді жолдарын атап өтті.
– Қазір Семей өңіріне қарасты аудандардың ішінде обыр ауруының көрсеткіші бойынша осы аудан алдыңғы орында тұр. Аудан тұрғындарының арасында өкпе, бүйрек, бауыр обыры жиі кездесетіні белгілі болды, – дейді Н.Жұмықбаева.
Бесқарағай ауданы