Жаңалықтар

Өңірде жылыту маусымы қашан басталады?

Өңірде жылыту маусымы қыркүйектің аяғы мен қазан айының басында басталады. Ол ауа температурасына байланысты.

Құрылыс, энергетика және ТҮКШ облыстық басқармасының мәліметінше жылыту маусымына тұрғын үйлердің 97,5 пайыз, ал бюджеттік ұйымдардың жүз пайыздық дайындығы бар, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Облыс бойынша жалпы 3017 үйдің 2942 жылыту маусымына дайын.

– Жыл сайын жылыту маусымы қыркүйектің аяғы мен қазан айының басында басталады. Өткен жылы ол 28 қыркүйекте басталды. Осы уақытта орталық жылытуды биыл да іске қосуды жоспарлап отырмыз. Мұның бәрі сыртқы ауаның орташа температурасына байланысты, -дейді басқарма басшысы Дидар Кеңесбаев.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button