Құқық

Өскеменде қылмысты қайта жасайтындар саны азайды

Өскеменде сотты бола тұра, қылмысты қайта жасаған тұлғалар саны азайған.

ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаметінің солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімі мамандарының хабарлауынша, өткен жылы  қайта қылмысқа барған сотталағандардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 5 адамға азайған.

Пробация қызметінің 2020 жылдың 12 айына жүргізген қорытындысы өткен жылы сотталған 25 азаматтың қайта қылмысқа барғанын анықтады. 2019 жылы бұл көрсеткіш 30 адамды құраған болатын. Яғни, аталған көрсеткіш арғы жылға қарағанда 5 адамға азайған, – дейді Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы Ерасыл Төлегенов.

Қоса кетсек, Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің есебіндегі қайта қылмысқа барған 25 тұлғаға еліміздің Қылмыстық Кодексінің 44-бабы 3-бөлігіне сәйкес жаза қолданылған. Яғни, олардың бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, сотталғандар түзеу мекемелеріне жабылған.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button