Құқық

Өскеменде 60-тан астам сотталушыға рақымшылық жасалуы мүмкін

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты Өскемен қаласында жазасы ауыр емес 60-тан астам сотталушыға рақымшылық жасалуы мүмкін.

– Үстіміздегі жылдың жетінші желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы күшіне енген болатын. Осыған байланысты бірқатар есепте тұрған сотталғандардың белгіленген жаза мерзімдері қысқарып, жеңіл қылмыс жасағандар  босап кетуге мүмкіндік алды, – дейді Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Солжағалау аудандық пробациялық қызмет бөлімінің аға инспекторы Алуа Камитова.

Жауапты тұлғаның айтуынша, Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінен қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға кесілген 170 сотталған өткен. Олардың арасында 20 сотталғаннан бас бостандығынан шектеу жазасын алып тастау туралы іс құжаттары сотқа жіберілсе, 25 іс құжат белгіленген мерзімдерінің екіден бір бөлігін, ал 20 іс құжат кесілген жазаның үштен бір бөлігін қысқартуды қарау үшін  Өскемен қаласының №2-ші сотына жіберілді.

Осы айдарда

Back to top button