Экология

Өскемен ауасының химиялық құрамы жете зерттелмеген

С. Аманжолов атындағы ШҚУ  ғалымдары «Шығыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі Жол картасына»  ұсыныстар енгізді

Ғалымдар ШҚО атмосфералық ауасының ластануын мониторингілеу және болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын құруды ұсынып отыр.

– Бүгінгі таңда Өскемен қаласы атмосферасының химиясы жеткілікті зерттелмеген. Біз тек бірнеше ластаушы заттарды анықтаймыз. Ал қалған химиялық қосылыстар бізге белгісіз. Олар адам ағзасына қалай әсер етеді? Сондықтан қалада қоршаған ортаны қорғау бойынша ғылыми-зерттеу (өндірістік) орталығын құру қажет, – дейді физика-химиялық зерттеулер сынақ зертханасының меңгерушісі А. Чурсин. – Математикалық модельдер базасында нақты уақытта қаланың жекелеген аудандарындағы атмосфералық ауаның сапасын бақылауға және оның ластану деңгейін болжауға мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялар құру керек.

 

Ержан Әбіш 

Осы айдарда

Back to top button