Денсаулық сақтау
Обыр ауруына қарсы сүт шығармақ
Отандық генетиктер құрамында обыр ауруына қарсы дәрілік заттары бар сүт ойлап шығармақ.
Ресей ғылым академиясының мамандары мен қазақстандық ғалымдардың трансгендік тышқандарды өсіру бойынша бірлесіп жасаған эксперименті нәтижесінде кеміргіштердің сүт құрамында обыр жасушаларының түзілуіне жол бермейтін дәрілік зат табылған.
Енді дәл осындай технология арқылы трансгенді ешкіні өсіру эксперименті жүргізілмек. Мұндай сынақ бір рет өткізіліпті, бірақ қолдан енгізілген ген ешкінің ағзасына сіңісіп (өмір сүріп) кетпеген. Ғалымдар бұл тәжірибені алғашқыда жіберілген кемшіліктерді ескере отырып қайталап көрмек.
Мамандардың айтуынша, обырға қарсы дәрілерді келешекте сүт өнімдері түрінде де, таблетка түрінде де шығаруға болады.
Шығыс-Ақпарат