Денсаулық сақтау

Облыста коронавирус жұқтырғандарды оқшаулайтын орын тапшы

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған науқастарды оқшаулайтын стационарда орын жоқ. Бұл жағдайды облыстың бас дәрігері Ілияс Мұхамеджанның өзі мойындады.
– COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар орналастырылған емханалардың 86%-ы толды. Ал ауру жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Эпидемиялық жағдай жақсармайтын болса, өзге емханаларда науқастарды орналастыратын төсек-орындарды көбейту керек. Бірақ емханалар мен дәрігерлердің мүмкіндігі де шексіз емес екенін ескеру қажет. Сондай-ақ біз өңірде еуропалық «сценарийдің» қайталанғанын да қаламаймыз. Яғни науқастар емханалардың дәлізінде емделмейді. Бұл көп адам шығынына әкеп соғады. Сол себепті ауруы жеңілдеу науқастар үй карантиніне жіберіледі. Олардың денсаулығы сол мекенжай аумағындағы емхананың медбикелерінің бақалауында болады, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанов

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button