Мереке
Нұрлыкөшті ән мен жырға бөледі
Алғыс айту күні – қиындықтарды иық тіресе бірге еңсеріп, Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық этностары бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Осы орайда облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен Өскеменнің іргесіндегі Нұрлы көш ауылында этномәдени бірлестіктер қатысқан мерекелік концерт өтті.
Мерекелік кеш барысында бірлестік өкілдері түрлі ұлттың билерін орындап, әсем әндерін шырқап, ауыл тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлады.
– Бүгінгі өткен іс-шара маған ерекше ұнады. Достық үйінің ұжымы керемет атмосфера сыйлап, тұрғындардың көңіл-күйін көтере алды. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз! – деп өз әсерімен бөлісті шара қонағы.
Берік Сәрсеков, студент