ЖаңалықтарМерекеТОП

Облыс орталығындағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

10 тамызда елімізде Абай күні тойланады.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев пен облыстың мәдениет қайраткерлері Өскемен қаласында орналасқан ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

–Биыл Абайдың Құнанбайұлының туғанына 178 жыл толды. Абай тек қазақтың ғана емес, бүкіл халықтың ойшылы. Оның өз заманында айтып, сол кезде көтерген мәселелері әлі күнге дейін өзекті. Оның шығармалары ұрпақ тәрбиесінде кеңінен пайдаланылуы керек. Бізді толғандырған мәселенің жауабын Абайдан таба білуіміз керек. Себебі, оның шығармалары, оның ойы бүгін де, ертең де талай ұрпаққа азық болады, -дейді С. Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры Сләмбек Оразалин.

Ынтымақ Толқын  

Осы айдарда

Back to top button