Денсаулық сақтау

Немістер жусанға қызығушылық танытып отыр

Электронды ақпарат құралдарының мәліметтеріне жүгінсек, немістер шығаратын бальзамдардың құрамында елімізде өсетін жусан шөбі болмақ.

Немістер жусанға қызығушылық танытып отырАқмола облысына қарайтын Шортанды ауданының тұрғыны Ғабит Сыздықов өзінің шабындық жер телімінен жинаған жусан өсімдігін фармакологиялық шикізат ретінде пайдалану үшін Германияның бір компаниясына жеткізген. Немістер жусанның сол қалпында, еш бұзылмай жеткеніне қатты таңырқаған. Өйткені олардың шөптері тез кеуіп, эфир майын жоғалтатын көрінеді.

Қазір немістер қазақстандық шаруаға қап-қап жусанды Германияға жөнелтіп отыру жөнінде келісімшартқа қол қоюды ұсынуда.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button