Экология

Наурызда да аяз қысады

«Қазгидромет» мамандары көктем айының басында еліміздің бірқатар өңірлерін сарышұнақ аяз қыспаққа алады деп болжам жасап отыр. Олардың есебінше, ауаның температурасы минус 28 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Наурызда да аяз қысадыМемлекеттік кәсіпорын таратқан ақпаратқа сенсек, ақпанның аяғын ала Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында ақ түтек боран соғып, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с. дейін, кей жерлерде 30 м/с. дейін жетеді.

Ал наурыз туа салысымен күн райы күрт суытып, түнде ауаның температурасы минус 15-20, кей өңірлерде 23-28 градусқа дейін аяз болады.

Көктемгі қарлы боран Шығыс Қазақстан облысын да қаһарынан тыс қалдырмайтын сияқты. Оңтүстік-батыстан секундына 23-28 метр жылдамдықпен жел соғып, аяз қысады деп күтілуде.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button