Денсаулық сақтау
Науқас балаларға көмектесті
Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде «Донор күні» қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – лейкемия сырқатымен ауыратын балаларға жәрдемдесу болды.
Департамент өкілі Еркін Қасымовтың айтуынша, мұндай акция алғаш рет өткізілуде. Игілікті іске облыстық пенитенциарлық жүйесінің басшылығы мұрындық болыпты.
Акция өткізілетіні туралы мәлімет облысымыздағы барлық түзеу мекемелерінің жеке құрамына күні бұрын жеткізілген көрінеді. Нәтижесінде қылмыстық-атқару жүйесінің жүзге жуық қызметкерлері өз еркімен қан тапсырып, науқас балаларға көмек жасады. Қан тапсырушылардың ішінде жоғары басшылық өкілдері, атап айтқанда, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Талғат Молдажанов та болды.
Шығыс-Ақпарат