Денсаулық сақтау

Науқас адамның жасын ұзартатын аппарат

Науқас адамның жасын ұзартатын аппаратӨскеменде гемодиализ орталығы ашылды. Ондағы жаңа медициналық қондырғы ауру адамның өмірін екі есе ұзартуға көмектеседі екен.

– Елімізде бүйрек сырқатымен ауыратындардың орташа өмір сүру жасы 7-10 жыл, ал Еуропада және басқа дамыған елдерде 10-20 жыл. Сатып алған германиялық аппаратураның арқасында біз де сол деңгейге жетеміз деп ойлаймын, – дейді «B.B.Nura» ЖШС коммерциялық директоры Алмат Әбділов.

Мұндай гемодиализ орталығы еліміздің басқа өңірлерінде болғанмен, Өскеменде алғаш ашылып отыр. Орталықта басқа ауруханаларда жоқ қосымша қызмет түрлері де көрсетіледі.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button