Денсаулық сақтау

Нанотехнология мүмкіндігіне терең бойламақ

Семейде өткен «Қазіргі таңдағы биоматериалдар, наноматериалдар және наномедицина мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция бірқатар маңызды проблемаларды қарастырды.

Нанотехнология мүмкіндігіне терең бойламақКонференция Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өтті. Оның жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар қатысты.

Конференцияға қатысушы ғалымдар Семейдегі Денсаулық сақтау министрлігінің радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтында болды. Елбасы Жарлығымен қаладағы жұмысы жанданып келе жатқан онкологиялық орталықтың жаңа медициналық құрал-жабдықтарының сапасымен танысты. Наномедицина саласында бірлескен жобалар негізінде жаңа құралдардың зерттеуден өткізу мәселесін қозғады. Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен АҚШ-тың радиологиялық технология университетімен ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды.

Раушан Нұғманбекова

Семей.

Осы айдарда

Back to top button