Нан бағасы тұрақты
Бородулиха ауданындағы «Белағаш ұн тарту комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биылғы егін орағының ойдағыдай өтуіне үлкен үлес қоса білді.
Жылдағыдай аудан диқандары жинаған астығын сақтау үшін алысқа тасымалдап әуре болмай, осы кәсіпорынға тапсырды. Астық мемлекеттік стандартқа сай арнайы зертханалық тексеруден өткен соң, сұрыпталып-сортталып бірден элеваторға жіберіледі. Қамбаның сыйымдылығы – 22 мың тонна. Егін ору науқаны басталған кезде комбинат тәулігіне 400 тонна астық қабылдады.
Ал ұн тарту комбинатының тәуліктік қуаты – 50 тонна. Жоғары, бірінші, екінші сұрыпты ұн тартып шығарады. Аудандағы кейбір қожалықтар биылғы бидайды тартып, ұн өнімдерін саудаға шығара бастады. Нан бағасын жыл бойы бір деңгейде ұстау міндеті тұр. Ұн тарту өндірісіне жаңа технология енгізу мүмкіндігі де қарастырылуда.
Серіктестік басшылығы шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындарға кебек және басқа да қалдықтарды мал азығы ретінде ұсынуда.