Денсаулық сақтау

Медицина мамандарына 400 грант бөлінді

Медицина мамандарына 400 грант бөліндіБүгінде облыстағы емдеу мекемелерінде 440 маман жетіспейді. Бұл проблеманы шешу үшін облыс басшылығы медициналық мамандықтарда оқып жатқан студенттерге 400 грант бөлді.

Аталған грантты иеленуге лайықты 99 студент қазір алтыншы, жетінші курстарда білім алып жатыр. Ендеше жақын арада олар аймақтағы дәрігерлер қатарын толықтыратын болады.

Сондай-ақ, кадр тапшылығы мәселесі «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы да шешілуде. Бағдарламаның көмегімен ауылдарға аттанған жас мамандар баспаналы болып, жеңілдетілген несиелерін және көтерме ақыларын алып отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сүйенсек, Риддер қаласы мен Ұлан ауданы жас дәрігерлерге жарты миллион теңгеден қаражат берген.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button