Құқық

«Махаббатқа толы күндерімнің айғағы»

Шығыс Қазақстанда кісі өлімі үшін түрмеде отырған адамға Германиядағы болашақ жарынан хат келді.
Сотталған адам 33 жаста. 2013 жылы 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазір ОВ-156/15 мекемесінде қамауда.

– Германия маркасымен хат келгенде аң-таң болдым. Ол қызбен 2004 жылы, 14 жасымда Алматыда танысқанмын. Қазір Германияда тұрады екен. Мен жетімдер үйінде өскенмін. Сондағы достарым арқылы тауып алыпты. Жаңа жылда хат жолдапты. Қолыма енді ғана тиді. Қыздың атын оқығанда толқып кеттім, – дейді сотталған адам.

Хатты оқып болған соң болашағын армандағанын айтады.

– Бұл хат – махаббатқа толы күндерімнің айғағы. Тезірек босап шығуға, онымен кездесуге деген үмітімді оятып жіберді. «Жазда келемін», деді. Таксофонмен тілдестік. Екі минут қана. Көп ақша кетеді екен. Ол «босап шыққаныңша тосамын», деді, – дейді.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз хатшысының айтуынша, түрмедегілерге хат жазысуға болады. Хаттың барлығы цензурадан өтіп барып табысталады.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button