Экология
Мамырда бұршақ жауып, үсік жүруі ықтимал
Мамыр айы жауын-шашынды, әрі жылы болады. Кей жерлерде ауа температурасы –5 градусқа дейін нөлден төмен түсіп, үсік жүретін көрінеді. Күн райын болжайтын синоптик мамандардың жорамалы осындай.
«Қазгидрометтің» алдын ала болжаған деректеріне жүгінсек, мамыр айында облысымызда қалыпты температура сақталмақ. Айдың басында тіпті күн ысуы да ықтимал. Күндіз 19-24-ке, кей өңірлерде 29 градусқа дейін көтерілмек.
Мамырдың ортасына қарай ыстықтың беті қайтып, түнгі уақыттарда сынап бағанасы кей жерлерде нөлден –5-ке дейін төмендеуі мүмкін. Дегенмен артынша күн райы қайта жылынып, айдың соңын ала 30 градустан асады деп күтілуде.
Сонымен қатар, мамандар алдағы айда бұршақ аралас жауын жауады деген болжам айтуда.
Шығыс-Ақпарат