Ауыл шаруашылығы

Малдың да төлқұжаты болады

Қазіргі малдәрігерлік заңдылықтарға сәйкес мал міндетті түрде арнайы мал сою орнында сойылуы тиіс. Сойылған күнде малдың анықтамасы, сырғасы, ветеринарлық төлқұжаты, малдәрігерлік анықтамасы болуы шарт.

Малдың да төлқұжаты болады– Биылдан бастап қой-ешкі сырға-ланып, жылқылар таңбаланатын болады және дерекқор қоймасына (компьютерге) енгізіледі. Әр малға ветери-нарлық төлқұжат беріледі. Алдағы көктемде қаладан шығатын 11 мал табынына тұрғындар малдарын қосқан жағ-дайда мал иесі жазбаша келісімшарт-қа отырады, – дейді Аягөз қаласы әкімі аппаратының бас мал дәрігері Серік Толымбек. – Малдарына ветеринарлық төлқұжат алмаған ағайындар төл-құжат алулары керек. Бұл – заңдылық. Сондай-ақ, барлық малдар уақытында егіліп, зерттеуден өтулері шарт.

Жыл сайын аса қауіпті мәлік, сарып және туберкулез ауруларына қарсы малдарды егу тегін жүргізіледі. Мал ауыра қалған жағдайда малдың иесі дер кезінде хабарласып, өзінің аты-жөнін, малдың жасын, түр-түсін жаздырулары керек. Ауданның мал дәрігерлері тұрғындарға осы жәйттерді түсіндіруде.

Тілеукен Тілеубердіұлы
Аягөз ауданы

Осы айдарда

Back to top button