Экология

Үлбі металлургиялық зауытының экологиялық жобасы

«ҮМЗ» АҚ қатты радиобелсенді қалдықтарды (ҚРҚ) бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағына көму бойынша жобаны әзірлеуге кіріспек.

Жоба Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясы» АҚ және «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында іске асырылатын болады. «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясының құрамына ҮМЗ 1997 жылдан бері енеді.

Меморандумға қол қою кезінде «Қазатомпромның» басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов (суретте) атап өтті: «Өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау Қазатомпром үшін №1 басымдық болып қала береді. Компания өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жетілдіруге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды, барлық мүдделі тараптармен ашық және адал диалогты жалғастырады. 2019 жылы Қазатомпром кәсіпорындарында өнеркәсіптік апаттарға жол берілген жоқ».

Қатты радиобелсенді қалдықтарды бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағына көму бойынша жобаның мақсаты – қоршаған ортаға техногенді әсерді азайту. Құрылысты 2028 жылы аяқтау жоспарлануда. Жоба 75 жыл қолдануға есептелген. 2028 жылдан кейін «ҮМЗ» қатты радиобелсенді қалдықтардықалдық қоймасыныңқолданыстағы учаскесіне орналастыруды доғарады.

Қатты радиобелсенді қалдықтарды Семей ядролық сынақ полигонына көму үшін ғимараттар кешені қарастырылатын болады. Ғимараттардың әрқайсысы – бұл жерасты монолитті темірбетонды бункерлер, олардың түбі жер бетінен 10 метр тереңдікте орналасады. Бункерлердің ішкі көлемі герметикалық қалқалармен ұяшықтарға бөлінген. Бункердің әрбір ұяшығында тиегіш люк қарастырылған, люктің ұяшық ішіне ылғалдың түсуін болдырмауға арналған герметикалық темірбетонды қақпағы бар. Бункерлердің айналасындағы сыртқы бет асфальтбетонды жабындыға ие болады. Ғимараттарда жерасты және сыртқы сулардың түсуінен гидроизоляция қарастырылады. Қатты радиобелсенді қалдықтарды бункер ұяшықтарына тиеу кезінде бүкіл үрдіс бойы дозиметриялық бақылау қарастырылады. Толтырылған соң, ғимарат герметизацияланады, қалыңдығы 0,6 метрден кем емес жергілікті топырақпен көміледі және асфальтбетонды қабат жабындысы төселеді.

Жинақталған партияларды көму үшін жеткізу арнайы автокөлікпен герметикалық контейнерлерде іске асырылады. Бастапқы ораманың болуы  қатты радиобелсенді қалдықтарды контейнерлерден түсіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде ластаушы заттардың атмосфераға және жапсарлас аумаққа түсуін болдырмайды.

Жоба заңнаманың барлық нормаларын сақтауды қарастырады және өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button