Цифрлық Қазақстан

Көшеңіздің атауы өзгерсе…

Көшенің атауы немесе үйдің реттік нөмірі өзгерген жағдайда жылжымайтын мүлік мекенжайын айқындау туралы анықтама қажет болуы мүмкін.

– Анықтаманы egov.kz арқылы алу өте оңай. Ол үшін порталға кіріп, дайын формаға сұратылған ақпаратты енгізесіз. Ары қарай электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе бірреттік құпия сөздің көмегімен сұрауыңызды растайсыз. Сұранымыңызды өңдеуге бірнеше минут кетеді. Қызмет тегін және оның нәтижесі электрондық анықтама түрінде жеке кабинетіңізге келіп түседі, – деп түсіндіреді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Мөлдір Зәруетқызы.

Естеріңізге сала кетейік, онлайн қызмет жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау бойынша ғана қолжетімді.

Ал мекенжайды жою немесе жаңа мекенжай беру қызметін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік органнан алу қажет.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button