Президент тапсырмасы

Көпір құрылысына қосымша қаржы бөлінеді

Келер жылы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысына қосымша 20 миллиард теңге бөлінбек. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.

– Бұқтырма су қоймасы арқылы салынатын көпір құрылысының бастапқы құны 30,2 миллиард теңге болған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратынша, құрылыс материалдары қымбаттауына байланысты биыл тамыз айында құрылыстың жобалық-сметалық құжаты түзетіліп, жоба құны 61,4 миллиард теңге болды, – деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің дерегінше, 2022 жылға дейін жоба бойынша 19,2 миллиард теңге бөлініп қойған. Жұмысты жалғастыру үшін 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте 5 миллиард теңге қарастырылған.

– Жұмысты уақтылы аяқтау мақсатында 20 миллиард теңге қосымша қаржы 2023 жылы республикалық бюджетті нақтылау кезінде қаралады. Ал 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде қалған 17,2 миллиард теңге қаражат бөлінуі тиіс, – деді Әлихан Смайылов.

Ержан Кеңесұлы

 

Осы айдарда

Back to top button