Құқық

Конституциялық құқықтары қамтамасыз етіледі

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен Бас көлік прокурорының тапсырмаларына сәйкес, құқық қорғаушылармен және өңірдің адвокаттық қоғамдастығымен кездесу ұйымдастырылды. Оның барысында сотқа дейінгі тергеу процесінде жол берілген бұзушылықтарға қатысты бірқатар проблемалық мәселелер талқыланды. 

Негізгі міндет – қылмыстық қудалау шеңберіне тартылған азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және азаптауды жою бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтау.

Осындай іс-шаралардың үлкен пайдасын ескере отырып, алдағы уақытта оларды тұрақты негізде ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы қылмыстық істерді электрондық форматта сапалы тергеуді қамтамасыз етіп отырғанын атап өткім келеді.

Бұл жұмыс қылмыстық қудалау органдарының негізгі процестік шешімдерді қабылдауы кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бұзылуына жол бермеуге бағытталған.

Қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу ерте кезеңде шешімдер қабылдауда заңдылық пен жеделдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 

Ерлан Төлеген,

Шығыс Қазақстан

көлік прокуроры

Осы айдарда

Back to top button