Абаттандыру

Колледж аумағы гүлге оранды

Үржар колледжі орналасқан Таскескен ауылының орталығы қазір өзінің сән-салтанатымен жұртқа мәлім. Бүгінгі күні талай тарихты бастан кешкен  «Таскескен –Бақты» күре жолы бойындағы елді мекен жасарып, жаңғыра түскен.

Әсіресе, ауылдың оңтүстік беткейінен орын тепкен аталмыш колледж аумағы өзінің абаттандырылуы жағынан көз сүріндіреді. Әр гүлді сылап-сипап өсіріп келе жатқан оқу орнының басшысы Қанағат Чарахметовтің өзі деуге болады. Түп-түзу көшелер, сымдай тартылған жол бойындағы бағандардағы шамдар самаладай жарқырайды.

Жер көлемі 3,8 гектар болатын колледж аумағы толығымен темір қоршаумен қоршалған. Қоршаулардың периметрі бойынша қарағаштан декоративті талдар егілген. Олардың артық өскен тұстары үнемі кесіліп, маңайға эстетикалық көрініс беріп тұрады. Ауладағы арнайы жасалған алаңқайларға қызылды-жасылды, сан түрлі гүлдер егілген. Мәселен, бұл жерлерге петуния, раушангүл, розовый бархат, датура (гүлдердің арасындағы аристократ), кампанула, астра, вьюнок,  тағы басқа гүлдердің көшеттері отырғызылған.

– Колледж аумағына газон шөп егіліп, дер кезінде қырқылып тұрады, – дейді Үржар колледжінің директоры Қанағат Чарахметов. – Өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай, оқушылар жүретін жолдар арнайы брусчаткамен қапталған. Олардың аяқтары су немесе балшық болмайды. Осы жұмыстардың барлығы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру үшін жасалды.

Берікхан Тайжігіт

Үржар ауданы.

 

Осы айдарда

Back to top button