Экология
Күн күрт жылынуы мүмкін
«Қазгидромет» берген мәліметке сүйенсек, 24 қаңтарда облысымыздың бірқатар ауданында ауа температурасы 3 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.
Осыған байланысты Өскемен қаласының төтенше жағдайлар басқармасы шаһар тұрғындарына үй-жайларына жақын орналасқан су қоймаларының су деңгейіне бақылау жүргізуге кеңес беріп отыр.
Атап айтқанда, мамандар жекеменшік тұрғын үй иелеріне жақын маңдағы арықтар мен өзен арналарын қоқыстан және мұздан тазартуға, үйлерінің аулаларында су ағатын ор қазуға және басқа да алдын алу шараларын ұйымдастыруға шақыруда.
Мамандар, сонымен қатар, су деңгейінің жоғарылағанын байқаған адамдарға жедел 101, 112, 8 (7232) 26-88-26, 26-88-27 телефондарына хабарласуларын сұрайды.
Шығыс-Ақпарат