Денсаулық сақтау

Көл жағасында сауықтыру кешені салынды

Қарабас ауылдық округінің аумағындағы Шошқалы көлінің емдік қасиеті ертеден белгілі. Жаз айларында оған жанына шипа іздегендер алыс-жақыннан ағылып келеді. Бірақ мұнда келушілерге жағдай жасалмаған.

Көл жағасында сауықтыру кешені салындыОсыны ескерген ауылдың жеке кәсіпкері С.Разханов қалтасынан он миллион теңге шығарып, шипалы көл жағасында сауықтыру кешенінің құрылысын бастаған. Биыл жазда көл жағасында бес жеке бөлмесі бар үй пайдалануға беріліп, тынығушыларға жеті адам қызмет етуде. Сөйтіп иесіз қалып келген шипалы көлдің өркениетті түрде ел игілігіне жаратыла бастады.

Енді осы өлкенің тұрғындары алыстағы Алакөлге ат сабылтпай, іргедегі Шошқалыда сауығып, денсаулықтарын түзей алатын болды.

Дәулет Сейсенұлы

Бесқарағай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button