Экология

Көктемгі тасқынға дайындық қарқынды

Көктемгі тасқынға дайындық қарқындыБиылғы қыстың жылы болуы көктемнің ерте шығуына әсер етуі ықтимал деген жорамалмен қар суына қарсы дайындық шаралары аймақта басталып та кетті. Әсіресе, облыс орталығындағы қам-қарекеттің қарқыны қатты.

Өскемен қаласының әкімі С.Тәукебаевтың жетекшілігімен төтенше жағдайлар басқармасы көктемгі тасқынның алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Шара барысында Согра ауданындағы жеке тұрғын үйлерді аралап, жыл сайын су басып кететін аумақтардың қауіпсіздігін пысықтады. Жергілікті тұрғындарға арнайы әзірленген ақпараттық жадынамалар таратты.

Сонымен қатар, мердігер мекемелердің техникалары мен жұмысшыларының алдағы қауырт шаруаға әзірлігі тексерілуде. Бүгінде топан су жайылады-ау деген қауіпті аймақтар күнделікті кезекшілердің қадағалауына алынған.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button