КәсіпкерлікМемлекеттік қолдау

Кәсіпкерлік: ШҚО-да жастарға 200-ден астам грант беріледі

Ағымдағы жылы шығысқазақстандық жастар өз істерін дамыту мақсатында 2,5 пайыздық несиелендіру бағдарламасымен 200-ден астам грант ала алады.
Аталмыш мақсатқа мемлекет тарапынан миллиардқа жуық қаржы бөлінген. Бұл туралы ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Динара Қожанова мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат Altaynews сайтына сілтеме жасап.

– Жастарды 2,5 пайызбен несиелендіру бағдарламасы аясында миллиард және 90 миллион теңгеге 218 грант беру жоспарлануда. 1 шілдеге дейін комиссия 400 миллион теңгеден астам сомаға 100 өтінімді қарап, 80-нен астам жоба мақұлданды. Сондай-ақ 70-тен астам өтінім қаржыландырылды, – деді Динара Қожанова.

Естеріңізге сала кетейік, ол осы жылдан бастап жастардан басқа тұрғындардың кейбір санаттары да грант ала алатынын жазған болатынбыз.

– Осы жылдан бастап грантқа халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдар да үміткер бола алады. Оларға атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы жәрдемақы алатын немесе олардың жұбайлары, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатындар жатады, – деп түсіндірді Динара Қожанова.

Оның айтуынша, қандастар, мүгедектігі бар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар да грантқа үміткер бола алады.

Осы айдарда

Back to top button