КәсіпкерлікТОП

Шығыстың он кәсіпорны байқауда бақ сынамақ

Астанада 27-28 қазанда «Қазақстанның үздік тауары» байқауының республикалық кезеңі басталды. Екі күн бойы ел кәсіпкерлері жиһаздан бастап, дөңгелекке дейін ең үздік деген тауарларын халық назарына ұсынды.

Республикалық көрмеге ШҚО-да өткен өңірлік көрмеде біздің өңір бойынша үздіктердің үздігі атанған он кәсіпорын барды. Жерлестеріміздің жеңімпаздар қатарынан көрінуі үшін он күн ішінде оларға онлайн дауыс беруге болады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Қазақстандықтар он күн бойы әр облыстан келген 180 кәсіпкерлерге «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік» және «Халыққа арналған үздік тауарлар» атты  үш аталым бойынша онлайн дауыс бере алады.  Келесі кезеңге ең көп онлайн дауыс жинаған 27 қатысушы жолдама алады. Ал ақтық сында жеңіске жеткендер, төрт жыл бойы Қазақстанның үздік тауары атауын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

Маусым айында Өскеменде өткен «Қазақстанның үздік тауары» байқауының үздіктері атанған он кәсіпорын: «Қазақстан өнеркәсіптік кәсіпорны» ЖШС (Өскемен), «IZOTERM»ЖШС (Глубокое), «Попов Виктор Сергеевич» ЖК  (Риддер),  «Arlan» ЖК (Өскемен), «ПКП «Рауан» ЖК (Өскемен),  «Shanyraq» ЖК (Өскемен), «Восток-Молоко» Өскемен,  «Алтын-Қазан.ШҚ», (Өскемен),  «Дакиев Ержан Мейрамович» ЖК ( Шемонаиха), ТОО «Global Invest International» (Глубокое).

Онлайн дауыс берудің сілтемесі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының сайтында жарияланбақ. Жерлестерімізге жеңіс тілейік!

Автор: Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button