Цифрлық Қазақстан

Кәсіпкер ретінде қалай тіркелуге болады?

Кәсіп ашып, бизнес-жоспарыңызды іске асыруға дайын болсаңыз, басты талап – кәсіпті заңды түрде рәсімдеу.

Бұрын кәсіпкер болу үшін құжаттарды жинап, салық органына бару керек еді. Енді мұны бірнеше минутта онлайн жүзеге асыруға болады.

Оны қалай жасау керектігін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалының мамандары былай түсіндірді:

– Алдымен «Е-лицензиялау» elicense.kz порталына кіріп, ЭЦҚ көмегімен тіркелесіз. Тіркелгеннен соң басты беттегі «Қызмет көрсету» батырмасын таңдайсыз. Қосымша «Хабарлама жасау тәртібі» бетін таңдайсыз, «Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама» сілтемесін басасыз. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын таңдайсыз. Жеке кәсіпкерлік туралы деректерді толтырасыз. Бұдан кейін салық органына хабарлама жібересіз. Elicense.kz жеке кабинетінде «Менің рұқсат беру құжаттарым» бөлімінде «Хабарлама» бетін таңдайсыз. Берілген өтініш мәртебесінде лупа белгісін басып, ашылған терезеден жеке кәсіпкерлік туралы хабарлама мен талонды жүктеп алып, басып шығара аласыз.

Салық органына жеке кәсіпкерлікті бастағаныңыз туралы хабарлағаннан кейін сіз ресми түрде кәсіпкер болып саналасыз. Іске сәт!

 Ержан Кеңесұлы

 

Осы айдарда

Back to top button