Экология

Керосин көлі қауіп төндірмейді

Семей қаласында өткен ғасырдың 50-ші жылдары пайда болған жерасты керосин көлінің қоршаған ортаға, оның ішінде Ертіс өзеніне тигізетін зияны жоқ. Эколог мамандар осындай тұжырым жасауда.

Керосин көлі қауіп төндірмейдіКеросин көлі Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан. 1954 жылы осы аумақтағы әскери бөлімдердің бірінің жерасты қоймасында ақау шығып, алты жарым мың тонна авиациялық керосин жерге төгілуі салдарынан бес шаршы шақырым жерасты суы ластанған. Бірақ қазір оның көлемі азайыпты.

– Зерттеу жүргізген мамандар авиаотынның өзенге қарай жылжымағанын анықтады. Және бұл сұйықтың Ертіске құйылуы жақын он жылдықта бола қоймас, – дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары Виталий Чернецкий.

Сонымен қатар мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің өкілдері керосин көлі жиналған өңірде жерасты суын ішуге рұқсат деген шешім шығарды. Енді тұрғындарға қауіптенетін түк те жоқ. Ауызсуды алаңдамай тұтына береді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button