Ауыл шаруашылығы

Кепілдіктің жоқтығы қолбайлау болып тұр

Былтыр «Сыбаға» бағдарламасы бойынша облыс шаруашылықтары 7 422 бас ірі қара сатып алды. Бұл – жоспардағы көрсеткіштің 99 пайызы.

Кепілдіктің жоқтығы қолбайлау болып тұрАталған бағдарлама біздің облыста «Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржылай қолдау қоры» АҚ мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржы институттарының жергілікті филиалдары арқылы жүзеге асырылуда.

Өткен жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалының желісі бойынша мал сатып алу көлемі алдын ала берілген жоспардағыдан 20 басқа кем орындалған. 6 пайыздық жеңілдікпен берілетін несиеге ірі қара сатып алуда Абай, Тарбағатай аудандарының шаруашылықтары ерекше құлшыныс танытса, Шемонайха ауданы бағдарламаға қатыспаған.

– Шаруа қожалықтарында жемшөп қорының, мал жайылымының жетіспеуі, шаруашылықтарда кепілге қоятын мүліктің аздығы да «Сыбаға» бағдарламасының жүзеге асырылуына біршама кедергі болып отыр, – дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының өкілдері.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button