Денсаулық сақтау

Кенеден сақ болыңыз

Кенеден сақ болыңызОблыс аумағында кенеге байланысты эпидемиялық маусым басталды. Дәрігерлер кененің кесірінен болатын мидың қабынуы сырқатымен ауру қауіптілігі қала сыртында және ауылдық жерлерде жоғары екенін айтады.

Үш аптаға жуық уақыттың ішінде қаладағы медициналық мекемелерге кене шаққан 11 адам келіп, көмек сұраған. Олардың екеуі – балиғат жасқа әлі толмаған жасөспірім бала.

Мамандардың пікірінше, кене шағу ықтималдығы жоғары аймақтарға Зырян, Катонқарағай, Шемонайха, Ұлан, Глубокое аудандары, Риддер мен Өскемен қалаларының шеткері аумақтары жатады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button