Денсаулық сақтау

«Казцинк» қызметкерлері науқастарды емдеуге көмектесуде

«Казцинк» қызметкерлері COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды емдеу үшін қолданылатын иммундық плазманың донорларына айналуда.

Жаздың соңында Шығыс Қазақстанның дәрігерлері жаңа вируспен ауырып шыққан немқұрайлы емес азаматтарды иммундық плазма доноры болуға шақырған-ды. Олардың қанында коронавирустық инфекциясы бар науқастарға көмектесетін антиденелер бар.

Процедура донорға ешқандай зиян келтірмейді. Егер антиденелердің белгілі бір мөлшері болса, оны әр 20 күн сайын қайталауға болады. Плазма алу Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында жүргізіледі.

DCIM101GOPROG0365240.JPG

Бірден бірнеше «Казцинк» еңбеккері донор болуға келісті. «Казцинк» Өскемен металлургиялық кешені қорғасын зауытының балқыту цехының технологы Денис БОЛДЫРЕВ солардың бірі болды:

– Мен COVID-19-бен ауырып шықтым, талдаулар донор болу үшін антиденелерім жеткілікті екенін көрсетті, – дейді ол. – Күзде аурудың жаңа толқыны болуы ықтимал, сондықтан әрқайсымыздың қолымыздан келетін көмек біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін. Қан орталығын толықтырған 540 мл плазмам қажет болған жағдайда ауыр науқастарды емдейді деп үміттенемін.

Компанияның көптеген қызметкерлері – құрметті донорлар, олар Қан орталығына тұрақты барып тұрады.

– Иммундық плазманың доноры болу – кем дегенде коронавируспен ауыратын үш ауыр науқасқа көмектесу дегенді білдіреді, – дейді «Казцинктің» әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей ЛАЗАРЕВ. – «Казцинк» еңбеккерлерінің нақты көмегі пандемиямен жалпы күреске үлкен үлес қосады деп ойлаймын.

Анна Иванова

Осы айдарда

Back to top button