ЖаңалықтарҚауіпсіздік

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ауқымды шаралар атқарылды – Өскемен

Өскеменде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолға қойылған.

Облыс орталығында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар атқарылып жатыр, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Қазіргі таңда Өскемен қаласының аумағында  “Фотобейнебелгілеу және бейнеталдау жүйесін құру және пайдалану” МЖӘ жобасы іске асырылған. Оның аясында көшелер мен қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аулаларда, кіреберістерде, көшелерде бейнебақылау камералар орнату жұмыстары жалғасады.

Сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелерде құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша диспетчерлік қызметтермен меморандумдар жасалды. Мұндағы негізгі мақсат  – қоғамдық көлікте, олардың қозғалыс маршруттарында орналасқан қоғамдық орындарда құқықбұзушылық орын алса дереу хабар беру.

Аумақтық басқару орталығы әртүрлі құқықбұзушылықтар және жедел ден қою туралы ақпаратты уақтылы алу үшін МИБ немесе ЖС қызмет көрсететін үйлердің тұрғындарын қосып, әлеуметтік желіден чат құрды. Ол азаматтардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ортақ жауапкершілігін біртіндеп қалыптастыруға және халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қаланың санитарлық жағдайы, абаттандыру, жасыл желектерді қорғау ережелерін сақтау мәселелері бойынша Өскемен қаласы әкімдігінің “Спортты дамыту орталығы” КММ филиалдары ұсынылған ақпараты негізінде иттерді серуендетуге арналған алаңдарды (қала бойынша 18 учаске) орналастырудың алдын ала шекараларының схемасы дайындалды.

Қоғамдық көлікте қалта ұрлығын азайту мақсатында автобус маршруттарының саны көбейтілген болатын. Олар 60, 12, 6, 7, 24, 1, 33, 46, 25, 3 маршруттары бойынша бөлінген. Осы орайда айта кету керек, қалада 2023 жылы тағы 77 автобус сатып алу жоспарланған.

Өскемен қаласының барлық білім беру ұйымдарында жаяу жүргіншілер өткелдеріне белгілер қойылды.

Сонымен қатар “Үлбі” орталығына жөндеу және кеңейту жұмыстары жүргізілді.

Ұялы телефондары жоқ тұрғындар үшін бес “SOS” дабыл түймесі орнатылған.

Осы айдарда

Back to top button