Ауыл шаруашылығы

Катонқарағайлықтар брендті тауарларын ұсынды

Катонқарағайлықтар брендті тауарларын ұсындыӨткен сенбіде Өскемендегі Металлургтер мәдениет сарайының қасында кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі қызу өтті. Бұл жолы облыс орталығы тұрғындарын қысқы азық-түлікпен қамтуға Катонқарағай ауданының шаруалары келіпті.

Олар негізінен ет өнімдерін әкелуге тырысыпты. Сол сияқты ауданның ғана емес, облыстың, тіпті, еліміздің брендіне лайықты Алтай арасының балын, бұғы мүйізінен алынған панты, қымыз сияқты қалалықтар қымбатқа сатып алып жүрген дүниелерді арзан бағамен жеткізіпті.

Кейінгі жылдары жәрмеңкелердің арқасында қысқы қорларын қамдап алатын өскемендіктер төр Алтайдан жеткен 3,5 тонна ірі қара етін, мың келіден астам қой етін, сонымен қатар жылқы етін әп-сәтте талап әкетті. Мұндағы еттің келісі 900-950 теңгеден аспады.

– Қымыз бір сағаттың ішінде бітіп қалды. Қалада оның бағасы 800 теңгеден сатылады екен, ал біз бұдан екі есе арзанға қойдық. Бәлкім содан болар, алушылар қатары тым көп көрінді, – деді жеке кәсіпкер Алмагүл Қасенова.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button