Осы жылдың он айында ғана 500-ден астам шығысқазақстандыққа МӘМС есебінен катаракта диагнозы бойынша операция жасалды. Облыстық аурухананың көз микрохирургиясы бөлімшесінде жыл басынан бері 841 медициналық араласу жүргізілді.
Офтальмолог-хирург Светлана Солопийдің айтуынша, аурухана дәрігерлерінің біліктілігі науқастарға катарактаның тіпті ең ауыр түрлеріне, көз линзасының (хрусталик) қабынған түрлеріне, әртүрлі жарақаттармен және басқа патологиялармен түскен кезде де операция жасауға мүмкіндік береді.
Катаракта көбінесе соматикалық аурулармен қатар жүреді, бұл операцияны қиындата түсетіні сөзсіз. Мысалы, жақында бөлімшеде Паркинсон ауруы бар науқасқа операция жасалды. Пациенттің бақылауға көнбейтін қимылдары операцияны қойып, оған диагноз қоюға кедергі келтірді. Алайда хирургтардың шеберлігінің арқасында операция сәтті өтті.
Өскемен қаласының тағы бір тұрғыны анасының көз жанарын қайтарып берген дәрігерлерге алғысын жаудырып, қарияның қалай ауырғанын айтып берді.
-Анам 2022 жылдың ақпанында көзінің көруі нашарлап бара жатқанына шағымданды. Офтальмологқа қаралғанда, дәрігер оған катаракта диагнозын қойды. Мен анама операция жасатуды ұсындым, бірақ ол алғашында қорқып, бас тартты. Қыркүйек айында бір көзі мүлде көрмей қалды, оның үстіне көзі ауыратын болды. Офтальмолог қайта қараған кезде ауруы асқынып кеткені анықталып, анама ісінетін катаракта диагнозы қойылды. Отбасымызда кеңесіп, ота жасату керек деген шешім қабылдадық. Осылайша облыстық аурухананың көз микрохирургиясы бөлімшесіне келдік,- деді өскемендік 72 жастағы Нина Тупицинаның қызы Оксана Васильевна.
Науқасқа операция жасағаннан кейін ол ауруханада үш күн ғана жатыпты.
-Операциядан кейін кешке анамнан қалай көретіні туралы сұрағанымда ол таңданысы мен қуанышын жасыра алмай «мен көріп тұрмын!» деп сыбырлады. Қуанғаннан қатты сөйлеуге де жүрексінді, білем! Операцияға дейін оң көзі 20-ақ пайыз көрсе, отадан кейін көру қабілеті 90 пайызға жетті! Мұндай нәтижені анамның өзі де күтпеген еді. Қызметкерлер мен бөлімшеде жасалған қолайлы жағдайлар туралы тек жағымды пікірлер айтады. Барлығына өте риза! Енді анам екінші көзіне де операция жасайтынын сенімді түрде айтып отыр, – дейді Оксана Васильевна.
Бұлдырап кеткен көз линзасын (хрусталик) АҚШ-тың жоғары сапалы жасанды көзішілік линзасына ауыстыру операциясының құны – 219 мың теңге. Бірақ қазіргі уақытта барлық қазақстандықтар осындай жоғары технологиялық операцияларға МӘМС шеңберінде тегін қол жеткізе алатынын айта кеткен жөн.
– Катарактаның көп түрлеріне ота күндізгі стационарда жасалады, онда науқас күндізгі уақытта тиімді ем алады және кешке үйіне қайтады. Айтпақшы, облыстық аурухананың көз микрохирургиясы бөлімшесі тек катарактаны емдеуге мамандандырылмаған. Глаукома, торлы қабықтың дистрофиялық өзгерістері, көздің жарақаттары, қабыну аурулары – бұл осы бөлімшеде емделетін аурулардың толық тізімі емес, – деп нақтылады міндетті медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының баспасөз қызметінде.