Ауыл шаруашылығы

Карантиндік режим қашан алынады?

Бүгінде бруцеллез дерті бойынша карантиндік режим енгізілген Бесқарағай ауданының Беген ауылдық округінде төрт түліктен қан алу және егу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.

Өздеріңізге белгілі Беген ауылында малдан бруцеллез дертінің анықталуына байланысты карантиндік режим енгізілген болатын. Қысқы уақытта бұл қан алуда бірқатар қиыншылық туғызып отыр. Бірақ талапқа сай малдан қан үш мәрте алынып, талдау нәтижелері ауруға теріс нәтиже бергенде ғана карантиндік режим алынады. Сол себепті ауыл тұрғындарынан бұл мәселеде түсіністік танытуларын сұраймын, – дейді Беген ауылдық округінің әкімі Нұрлан Асылғожин.

Қоса кетсек, бүгінде Беген ауылдық округінде 35 шаруа қожалығы болса, оның басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысуда. Бетке ұстар шаруашылықтың бірі «Бекарыс» қожалығы тәулігіне 100 сиыр сауып, 1-1,2 тонна сүтті Семейге жөнелтіп отыр. Сондай-ақ, өткен жылы 7,8 мың гектар алқапқа дәнді-дақыл еккен диқандар бидай мен күнбағыстан жақсы түсім алған.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button