Оқиғалар

Күршімде ойыннан от шықты

Күршімде балалардың тентектігінен бес қабатты үйден өрт шықты. Өрт шыққан тұста газ құбыры болған.
Әуелі подъездің есігі өртенген. Сосын подъезде тұрған қоларбалар жана бастаған. Бұл туралы төтенше жағдай қызметкерлеріне сол үйдің бір тұрғыны хабарлаған.
– Біріміз жанып жатқан заттарды сөндіруге кіріскенде, екіншіміз жақтаудағы газ құбырын ажыратып, оның бойына су шаша бастадық. Әйтпегенде жарылып кетуі мүмкін еді. Дегенмен біз келгенге дейін тұрғындар да өздігімен су шашып, жалынның бетін қайтаруға тырысқан екен, – дейді №30 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері.
Сарбаздар подъезде болған 12 бала мен сегіз ересек адамның аузы-мұрынын дымқыл орамалмен тұмшалатып, сыртқа аман-есен алып шыққан.
– Өрттің шығуына, алдын ала болжам бойынша, балалардың тентектігі себеп болған, – дейді өрт сөндіруші.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button