Ауыл шаруашылығы

Көктемгі егіске дайындалып жатыр

     Төр Алтайдың төсіндегі ауыл шаруашылығы құрылымдары соқа-сайманын сайлап, техникасын майлап, көктемгі егіске әзірленуде.                             

Катонқарағай ауданында  ағымдағы жылға болжамды егіс көлемі 68,8 мың га құрайды. Оның ішінде дәнді дақылдар 20,3 мың гектарға, майлы дақылдар 22,2 мың, картоп 1,2 мың гектарға егілмек. Көктемгі дала жұмыстары үшін астық тұқымына қажеттілік 4,67 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда ауданның ауылшаруашылық кәсіпорындарында 4,3 мың тонна тұқым немесе қажетті  тұқымның 92,0% -ы бар.

Аудандағы «Жас қанат», «Найман», «Сүтбай», «Сұңқар», «Көктем», «Үміт», «Бесүй», «Буранова», «Диас» шаруа қожалықтарында, «Калинина» және «Таулы Восток и К» ЖШС-де тұқым сақтауға арналған қоймалар, сондай-ақ астық пен тұқымдарды тазалауға қажетті жабдықтар толық бар. Ауданның шаруашылықтары  ауылшаруашылық техникаларын жаңарту жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан бері аудан шаруалары жалпы құны 19,1 млн. теңгеге 4 бірлік жаңа жоғары технологиялық ауылшаруашылық техникаларын сатып алды. Оның ішінде, Алтынбел ауылдық округінен «Касержас» ЖШС «Беларус-952» доңғалақты трактор, Үлкен Нарын ауылдық округінің «Үміт» және «Витек» шаруа қожалықтары астық сепкіштерін, Үлкен Нарын ауылындағы «Найман» шаруа қожалығы ПЗК-30 маркалы  астық тазарту кешенін сатып алды. Көктемгі дала жұмыстарына барлығы 919 дана ауылшаруашылық техникасы тартылады. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы техникаларының көктемгі дала жұмыстарына дайындығы 95% құрайды. Ауылшаруашылық дақылдары шығымдылығын арттыру   үшін ауданның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 2 мың тонна минералды тыңайтқыш қолдануды  жоспарлап отыр. Ағымдағы жылдың көктемгі дала жұмыстарына 1690 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. оны «Зыряновскнефтепродукт» ЖШС және «Alem Oil» ЖШС   үлестіреді.

Тұрсынқан Базарбаев

Катонқарағай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button