Білім

Жүректен жүрекке жеткен акция

Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылындағы орта мектепте «Жүректен – жүрекке» атты дәстүрлі қайырымдылық акциясы өтті. Бұл игілікті шараны өткізудегі мақсат – адамдар арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, ізгілік қасиеттерін насихаттау, жастарға үлгі ету және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Қайырымдылық – жүректегі мейірімнің сәулесі. Айнабұлақ мектебіндегі іс-шара осы сөзімізге нақты мысал дер едік. Қайырымдылық акциясына білім ошағының ұстаздар қауымы демеушілік көрсетіп, ауылдағы аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсетті.

Атап айтқанда, киім-кешек, балалардың шығармашылығын дамытатын ойыншықтар, спорттық құралдар және басқа да қажетті заттар табысталды.

Арайлым Жаңбырбаева,

Айнабұлақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Осы айдарда

Back to top button