Инфрақұрылым

Жолдарды жөндеу кесте бойынша жүргізіліп жатыр

Облыста автожолдар мен инфрақұрылымды жөндеу және салу бойынша 75 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 45 жоба аяқталды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, қалған нысандарды жоспарға сәйкес 2022 жылдың қазан айының соңына дейін тапсыру жоспарланған.

– Жалпы жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Жол құрылысы үшін битумның жалғыз жеткізушісі – Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы жөндеуге байланысты өндірістік жұмыстар қарқынының төмендеуі орын алды. Қазіргі уақытта зауыт іске қосылды, мердігер ұйымдар бұрынғы жұмыс ырғағына көшті. Баға мәселесі бар. Зауыт жабылғаннан кейін битумның босату бағасы көтерілді, қазір бұл – тоннасына 215-тен 240 мың теңгеге дейін. Бұл ретте сметалық құнға тоннасына 110-нан 170 мың теңгеге дейін қосылды, – деді облыстық  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Тұраров мердігерлік ұйымдардың басшыларымен кездесу барысында.

Белгілі болғандай, құрылыс қызған кезде асфальтбетонды негізгі компонентіне жеткізу және бағаның өсуі жыл сайын қайталанатыны айтылды. Мердігерлер жобалық-сметалық құжаттаманы жасау кезінде сол уақыттағы баға көрсетілетінін, алайда  бекітілгеннен кейін 3 жыл ішінде маңызды болып табылатын құрылыс материалдарының баға дәлізі шын мәнінде битум сатып алу керек болатын дәлізден айтарлықтай ерекшеленетініне шағымданады.

«Біз кестеден қалмауға тырысамыз. Бұл жолы  зауыт іске қосылғаннан кейін баға қалыпқа келеді деп күттік. Алайда зауыт жұмысын қалпына келтірді, баға төмендеген жоқ, жақында күз келеді және одан әрі күтуге уақыт жоқ. Біз жаңа бағамен сатып алуға мәжбүрміз. Осыдан мердігерлік ұйымдар зардап шегеді», – деп мердігерлер өз шағымдарын білдірді.

Әзірге жол салушылар көптен бері айтылып келе жатқан мәселе енді құрылыс жұмыстарына кедергі келтірмейді деген үмітпен ғана отыр.

Қуаныш Рахметоллаұлы

 

 

Осы айдарда

Back to top button