Экология

Жеменейдің жағалауын қоқыстан тазартты

Зайсанда ұйымдастырылған сенбілік аясында қала көшелері мен саябақтары қоқыстан тазартылып, жол қозғалысына кедергі келтіретін ағаштар кесілді.

Бұл күні сенбілікті өздері тұрып жатқан қаланы қоқыстан тазартып, көркейтуге арнаған зайсандықтар қолдарына тырма мен сыпыртқы алды. Зайсан ауданында ұйымдастырылған жалпыхалықтық сенбілікке барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Экологиялық шс-шара барысында жастар ресурстық орталығы, «Jasyl el» еңбек жасақтары және шығармашылық орталықтың ұжымы бірлесіп арнайы техника шығарып, жол қозғалысына кедергі келтіретін ағаштарды кессе, ардагерлер мен басқа да ұйымдардың қызметкерлері Қонаев, Чигиров, Жақсылықов көшелерін арам шөп пен тұрмыстық қатты қалдықтардан арылтты.

Сонымен қатар Зайсан қаласында «Бір өзен, бір тағдыр» халықаралық экологиялық акциясы өтіп, жас ұрпақты қоршаған әлемге және туған өлкенің табиғи ресурсына ұқыпты қарау дәстүріне тәрбиелеуге бағытталған жоба барысында Жеменей өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды. Экологиялық акция эстафета, яғни, эко-челлендж форматында өткендіктен, ұйымдастырушылар бұл бастаманы өз кезегінде өзге қала тұрғындарына жолдады.

Азамат Темірбеков

 

Осы айдарда

Back to top button