Ауыл шаруашылығы

Жаңа технологияларды енгізді

Өткен жылы бол­ған қуаңшылықтан шаруа қожалықтары жемшөп дайындауда әжептәуір қиындықтарға кездесті. Шөптің шығымы өте төмен болып, көп жерлер айтақырға айналды, барының өзі шалғыға ілінбей, мал өсірумен айналысатын шаруа қауымы қиналған болатын.

Мұның өзі шаруа құрылымдарының жаңа технологиямен жұмыс істеуіне көп ықпал еткені анық. Осыған орай, жайылым жерлерді суару мақсатында Ақшәулі ауылына қарасты «Ақшәулі Ақбасты» ЖШС, Майлин ауылына қарасты «Бексұлтан» шаруа қожалықтары биыл суармалы қондырғылар сатып алды. Сондай-ақ Қарағаш ауылдық округіне қарасты «Жас талап» шаруа қожалығы да 2023 жылға осындай қондырғылар сатып алуды жоспарлап отыр.

– Сол сияқты, Ақши ауылына қарасты «Береке-7» шаруа қожалығы суармалы жерлерінен мал азығын дайындау үшін күн нұрынан қуат алатын электрлік қоршаулар орнатты, – дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Оразбек Кеңшіліков. – Осындай аудандағы жасалып жатқан игі іс-шараларға басқа ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтары да қызығушылық танытуда. Бұл басшылықтың ауыл шаруашылығы саласына заманауи технологияларды енгізуге қатысты  тапсырмасынан бастау алып отыр.

                                                                             Берікхан Тайжігіт  

                                                                                      Аягөз ауданы.

 

Осы айдарда

Back to top button