Ветеринария

Ірі қара малының жұқпалы ринотрахеиті (инфекциялық вульвовагинит) ауруы туралы не білеміз?

Соңғы жылдары елімізге алыс шетелдерден асыл тұқымды ірі қара малдың көптеп әкелінуіне байланысты, республикамызда бұрын тіркелмеген мал аурулары тіркелуде.

Осыған орай, тұрғындар мен ветеринар мамандар диагноз қою үшін аталған аурулардың клиникалық білулері қажет.

Осындай дерттің бірі ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеиті немесе «қызыл мұрын», жұқпалы ринит, жұқпалы пустулярлы вулвовагинит, жұқпалы вулвовагинит, көпіршікті бөртпе, инфекциялық некротрахит инфекциялық катаральды жоғарғы тыныс жолдары, контагиозды бронхопневмония сияқты аурудың белгілерімен байланысты көптеген синонимдер атаулары бар ауру.

Ауырған малдың дене қызуы көтеріліп, сүттілігі төмендейді. Көп жағдайда бір немесе екі тәулік ішінде сүт толық тоқтап қалуы мүмкін.

Аурудың ауыр түрі жас бордақылау, әсіресе етті тұқымды малда кездеседі. Жаңа туған бұзаулар да ауруға сезімтал болып келеді. Ауру қоздырғыштарының таралу факторлары ретінде ауру ауа, жем, күту құралдары, көлік құралдары, сондай-ақ құстар, жәндіктер, ауру жануарлармен байланыста болған адамдар саналады.

Қуаныш Сырманов,  Сабира Алпысбаева «РВЗ» РМК қызметкерлері, ветеринария ғылымдарының кандидаттары

;

Back to top button